«Киелі табиғат» эко-акциясы
25 тамызда Алматыда «Южный» саябағында Бостандық ауданы әкімдігі мен Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Киелі табиғат» эко-акциясы өтеді.
Акция аясында саябақты тазалау және қоқысты сұрыптау экологиялық жобаларының тұсаукесері өтеді.
Іс-шараға Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин, Жастар саясаты басқармасының басшысы Меңдіғалиев Қайыржан, эко-белсенді Евгений Мұхамеджанов, «Алматы аруы» байқауының финалистері, қоғам қайраткерлері, блогерлер мен еріктілер қатысады.
Өтетін күні мен орны: 25 тамыз сағат 17:30-да, «Южный» саябағы, Си-Синхай көшесі, 10.
Байланыс нөмірі: Зере Махсутхан, 8 747 014 37 72
Оқиға күні
25 тамыз 2023
Өткізу орны
«Южный» саябағы, Си-Синхай көшесі, 10
Оқиға түрі
Хабарландыру