Жаңа оқу жылы, сондай-ақ Конституция Күні қарсаңында Алматы қаласының Медеу ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бастама алды.

Жаңа оқу жылы, сондай-ақ Конституция Күні қарсаңында Алматы қаласының Медеу ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бастама алды.

«Мектепке жол» акциясы аясында 2023 жылғы 25 тамызда сағат 12.00-де орталық мәдениет және демалыс саябағында Гоголь көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп керек-жарақтары мен киімдері табыс етіледі.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау.

Іс-шара жыл сайынғы негізде өткізіледі және ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы шеңберінде ХӘОТ санаттарынан шықан 1213 оқушылардың шоттына бюджет қаражаты есебінен 43 000 теңге көлемінде мектеп формасын алу үшін жіберілді. Жалпы сомасы 52 млн. теңгені құрады.

Сондай-ақ, осы акция аясында аудан демеушілерінің қолдауымен 600 мектеп оқушыларына қосымша көмек көрсетіледі.
Барлық қатысушыларға мектеп формасын алу үшін сертификаттар беріледі, мектеп сөмкесі негізгі кеңсе тауарларымен толтырылады және қосымша балаларға аттракциондарға билеттер тегін беріледі.

2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталып, 2023 жылдың 1 тамызына дейін жалғасты. Нәтижесінде мемлекеттік мектептерге – 2 888 бала, жекеменшік мектептерге – 716 бала қабылданды.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты.

БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға және ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз. Байланыс телефондары: Аралбаев Сәкен - 8 707 358 18 22

Оқиға күні

25 тамыз 2023

Өткізу орны

Орталық мәдениет және демалыс саябағында Гоголь көшесі, 1 үй

Оқиға түрі

Хабарландыру