Қаланың саябақтары мен скверлерін абаттандыру жұмысының барысымен танысуға арналған баспасөз туры


Құрметті әріптестер!
Сіздерді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының және мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қаланың скверлері мен саябақтарын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысу үшін баспасөз турына шақырамыз.
Іс-шара барысында спикерлер жаңа нысандарды салу мен қолданыстағы нысандарды қайта жаңарту туралы айтып, көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап береді.
Күні мен уақыты: 23 тамыз, сағат 10.00.
БАҚ өкілдері үшін көлік ұйымдастырылады. Автобус Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайынан сағат 09:30-да жүреді.
Турға қатысу үшін міндетті түрде 23 тамыз сағат 09:00-ге дейін тіркелу керек.
Аты-жөніңіз бен өзіңіз жұмыс істейтін БАҚ атауын мына нөмірге жіберуіңізді сұраймыз:
+7 707 777 5247 Ажар Нұрсейіт.
23 тамыз 2023
ул. Айтеке би, 67
Хабарландыру