«TURAQTY JOL» республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінің финалы
Алматыда 23 тамыз күні «TURAQTY JOL» республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінің финалы өтеді. 10 млн теңге көлеміндегі жүлде үшін 10 команда тартысқа түседі.
Байқау барысында команда капитандарына жобаны енгізуге қолдау көрсете үшін қазылар алқасының мүшелеріне өздерінің экологиялық идеясын таныстыру мүмкіндігі беріледі.
Жобаны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп ЮНЕСКО клубтарының қазақстандық ұлттық федерациясы ұйымдастырады.
22 тамыз күні сағат 12:00-ге дейін тіркеуден өту керек
Өтетін күні мен орны: 23 тамыз сағат 10:00-де, ЦентрКредит банкінің конференц-залы (Назарбаев даңғылы, 226).
Байланыс нөмірі: Айсана Мирам, жобаны ұйымдастырушы, 8 778 219 6902
23 тамыз 2023
ЦентрКредит банкінің конференц-залы (Назарбаев даңғылы, 226).
Жарыс