Жаңа халықаралық жолаушылар терминалы құрылысының аумағына баспасөз туры

Жаңа халықаралық жолаушылар терминалы құрылысының аумағына баспасөз туры

Алматыда 23 тамыз күні жаңа халықаралық жолаушылар терминалы құрылысының аумағына баспасөз туры өтеді. Іс-шараны Алматы халықаралық әуежайы ұйымдастырып отыр, оған осы әуежай президенті Алып Ер Тұнға Ерсой қатысады.
Тур аясында қатысушыларға әуежайдың вокзал маңындағы аумағында жаңартылған жол жүру сызбасы көрсетіледі.

Қатысу үшін 21 тамыз, сағат 17:00-ге дейін тіркелу керек. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында қатысушыларға жилет, каска және қорғаныш аяқ киім беріледі. Тіркеуден өту кезінде аяқ киіміңіздің мөлшерін көрсетуіңізді сұраймыз.

Өтетін күні мен орны: 23 тамыз, сағат 10:50-де, Халықаралық әуежайдың вокзал маңы алаңының аумағындағы автобус тұрағы

Байланыс нөмірі: Салтанат Тұрғанбай, Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі, +7 777 772 0250

Оқиға күні

23 тамыз 2023

Өткізу орны

Халықаралық әуежайдың вокзал маңы алаңының аумағындағы автобус тұрағы

Оқиға түрі

Хабарландыру