Алматы қаласында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС реконструкциялау объектілері бойынша баспасөз туры өтеді

Алматы қаласында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС реконструкциялау объектілері бойынша баспасөз туры өтеді

2023 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына көшуді іске асыру шеңберінде 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС объектілері бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.

Баспасөз туры «НС-17, 19 қайта жаңартумен «Айнабұлақ» ТМ 18 жылу магистралін НС-18-ден НС-19-ға дейін ТК 18-51-ге дейін қайта жаңарту» және «Бродский, Казаков көшесі, Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейін Ут-5Т-8-ден ТГК-5б-19-ға дейінгі жылу желілерін қайта жаңарту,» жөндеу жұмыстары бойынша жүргізілетін болады.

Осыған байланысты Департамент осы іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Жиналу орны мен уақыты: 2023 жылғы 17 тамызда сағат 9:20-да, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67.

Қатысқан жағдайда, тізімдерді қалыптастыру және отырғызу орындарын қамтамасыз ету үшін Департаментті 2023 жылғы 16 тамыз сағат 17:00-ден кешіктірмей хабардар етуді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)-357-27-41.
Аккредиттеу мәселелері бойынша +7-701-711-1997 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Оқиға күні

17 тамыз 2023

Өткізу орны

Алмалинский район, улица Толе би 67.

Оқиға түрі

Хабарландыру