Алматы қаласында жылу және электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің объектілері бойынша баспасөз туры өтеді
2023 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Алматы электр станциялары» АҚ объектілері бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.
Баспасөз туры А.Жақұтов атындағы ЖЭО-2 Департаментінің «№3 ст. қазандық агрегатын күрделі жөндеу» және «№1 ст. турбоагрегатын күрделі жөндеу» жөндеу жұмыстары бойынша жүргізілетін болады.
Осыған байланысты Департамент осы іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Жиналу орны мен уақыты: 2023 жылғы 14 тамызда сағат 9: 20-да, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67.
Қатысқан жағдайда, тізімдерді қалыптастыру және отырғызу орындарын қамтамасыз ету үшін баспасөз турының алдындағы күні сағат 17:00-ден кешіктірмей Департаментті хабардар етуді сұраймыз.
БАҚ-ты аккредиттеу баспасөз туры өткізілетін күнгі сағат 9:00-ге дейін жалғасады.
Туындаған сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)-357-27-41.
Аккредиттеу мәселелері бойынша +7-701-711-1997 телефоны бойынша хабарласуға болады.
14 тамыз 2023
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67.
Хабарландыру