Алматы қаласында «Алматыжылужайэнерго» ЖШС МКК нысандары бойынша баспасөз туры өтеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматыжылужайэнерго» ЖШС объектілері бойынша 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаның орындалуы бойынша баспасөз турларының кестесіндегі өзгерістерге байланысты баспасөз турларының өткізілу күнін кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Баспасөз туры 2023 жылдың 9 тамызында сағат 10:00-де өтеді.
Осыған байланысты Департамент осы іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Жинау орны мен уақыты: 2023 жылғы 9 тамыз сағат 9:20-да, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67.
❗️Қатысқан жағдайда, тізімдерді қалыптастыру және отырғызу орындарын қамтамасыз ету үшін баспасөз турының алдындағы күні сағат 18.00-ден кешіктірмей Департаментті хабардар етуді сұраймыз.
БАҚ-ты аккредиттеу баспасөз туры өткізілетін күнгі сағат 9:00-ге дейін жалғасады.
Туындаған сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (727)-357-27-41.
Аккредиттеу мәселелері бойынша +7-701-711-1997 телефоны бойынша хабарласуға болады.
09 тамыз 2023
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 67.
Хабарландыру