Электрсамокаттарды пайдалану бойынша кезекті жүргізу мектебі
Тәжірибелі нұсқаушылар кәмелеттік жасқа толған барлық ниет білдірген жандарға самокаттарды қала жағдайында қауіпсіз және дұрыс пайдалануды тегін үйретеді. Қала тұрғындары самокаттарды дұрыс жүргізуді және тұраққа қоюды үйренеді, сондай-ақ жеке қозғалыс құрылғысын пайдалану ережелерімен танысады.
Қала жағдайында электрсамокаттарды жүргізу мәдениетіне баса назар аударылып, апаттық жағдайлар туындататын қателіктерге түсініктеме беріледі.
Оқыту қорытындысы бойынша қолданушылар тест тапсырып, тегін минуттар алуға және жылдамдықты 25 км/сағат жеткізуге мүмкіндік беретін промо-код ала алады. Электрсамокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын компания өкілдері жақында қабылданған заңдарға қатысты пікір білдіреді.
Үйрету Абай мен Достық даңғылдарының қиылысындағы Республика сарайының алдындағы алаңда өтеді.
Іс-шара14 шілде сағат 16-00-де басталады. Ал 15,16 шілде демалыс күндері сағат 14-00-ден 21-00-ге дейін қызмет етеді.
14 шілде 2023
16 шілде 2023
Абай мен Достық даңғылдарының қиылысындағы Республика сарайының алдында
Басқа
тегін