Алматы қаласының 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 676,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 112,7% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 461,8 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 120,9%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 132,6 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 121,8%-ды құрады.

545,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ - 95,4% құрады.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 5 630,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%-ды құрады.

Көтерме тауар айналымы 1 430,3 млрд. теңгені немесе                      2021 жылдың сәйкес кезеңіне 98,9%-ды құрады.

 

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылдың мамыры 2021 жылдың желтоқсанына 108,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 114,2%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –105,7%, ақылы қызметтер бойынша –104,3% -ды құрады.

 

Жарияланған күні

13 маусым 2022

Жаңарту күні

13 маусым 2022

Жарияланымның авторы