Алматы қаласының 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 378,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 111,5% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 248,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 119,8%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 80,7 млрд. теңгені құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 154,1%-ды құрады.

261,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ- 86% құрады.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 737,8 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 83,6%-ды құрады.

Көтерме тауар айналымы 2 430,9 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 100,7%-ды құрады.

 

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылдың наурызында 2021 жылдың желтоқсанына 105,5%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 108,7%, азық-түлік емес тауарлары бойынша – 103,9%, ақылы қызметтер бойынша – 102,6% -ды құрады.

 

Жарияланған күні

15 сәуір 2022

Жаңарту күні

15 сәуір 2022

Жарияланымның авторы