Қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі туралы
Жарияланған күні: 09 тамыз 2022
Жаңарту күні: 09 тамыз 2022
Көру саны:20
2022 жылдың 26 тамызында сағат 9.00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі Мұратбаев көшесі, 200, Құрманғазы көшесінің қиылысындағы мекенжайда орналасқан Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық және әлем тілдері университетінде өтеді.
Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Алмалы әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады:
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.