Әшімов көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат
Жарияланған күні: 05 тамыз 2022
Жаңарту күні: 05 тамыз 2022
Көру саны:27
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5 тамыздан 12 тамызға дейін күн сайын түнгі уақытта сағ.23:00 мен 06:00 аралығында Әшімов көшесінің Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы қалалық мобилділік басқармасы
Жарияланған күні
05 тамыз 2022
Жаңарту күні
05 тамыз 2022
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты