Саин көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат
Жарияланған күні: 23 мамыр 2022
Жаңарту күні: 23 мамыр 2022
Көру саны:16
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 мамыр күндері сағ.22:00 мен сағ. 06:00 аралығында түнгі уақытта Саин көшесінің батыс бөлігінде Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейінгі аралығында көлік жүрісі уақытша шектелетін болады.
Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Алматы қалалық мобилділік басқармасы