Алматы қаласының Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады
Жарияланған күні: 16 мамыр 2022
Жаңарту күні: 16 мамыр 2022
Көру саны:7
2022 жылғы 18 мамыр сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында орналасқан Жароков – Әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су болмайды.
Жылумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС