Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу туралы

2022 жылдың 12 мамырында сағат 15:00-де Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Әуезов ауданындағы Жетісу-1 шағын ауданы 32А мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақ қатынас жолдары университетінде» өтеді.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube-тағы парақшасында және Әуезов әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында көруге болады:
1) https://www.youtube.com/c/AlmatyUS
2) https://www.facebook.com/auezovakimat/

Айта кетсек, бұл жыл басынан бергі үшінші кездесу. Жыл соңына дейін барлығы 24, яғни әрбір 8 ауданның тұрғындарымен тоқсанына кемінде бір кездесу өтеді.

Жарияланған күні

27 сәуір 2022

Жаңарту күні

27 сәуір 2022

Жарияланымның авторы