WorldSkills Almaty – 2022

«Білімді ұлт «Сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде, жұмысшы мамандықтарды танымал ету және «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында, 2022 жылғы 11 мамырдан 20 мамырға дейін Алматы қаласы колледждерінің алаңдарында «WorldSkills Almaty – 2022» құзыреттіліктері бойынша аймақтық чемпионатты өткізу жоспарлануда.

Салтанатты ашылу рәсімі 11 мамырда сағат 15:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Ашылу күні, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының фойесінде сағат 13:00-ден 14:50-ге дейін Алматы қаласының оқушылары үшін болашақ мамандықты таңдау мақсатында ТжКББ мамандықтарының көрмесі өтеді.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Білім басқармасы
Байланыс нөмірлері: +77783164989, +77757054525

Жарияланған күні

11 мамыр 2022

Жаңарту күні

11 мамыр 2022

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты