Алматы әкімінің халықпен кездесулері туралы

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 29 наурызда қала мәслихатының шешімімен Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінің жылдық күнтізбесі (ай сайын 1 кездесуден) келісілген болатын. Барлығы жылдық күнтізбе ағымдағы жылдың соңына дейін кемінде 48 тұрақты кездесу өткізуді көздейді (24 – қала әкімі, 24 – аудан әкімі).

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2022 жылдың мамыр айына арналған халықпен кездесу кестесі:
12 мамыр - Әуезов ауданы
19 мамыр - Наурызбай ауданы
21 мамыр - Алмалы ауданы.

Кездесулерді өткізу орындары мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Еске салсақ, Алматы әкімі сәуір айында Бостандық және Алатау аудандарының тұрғындарымен кездескен еді.

Жарияланған күні

28 сәуір 2022

Жаңарту күні

28 сәуір 2022

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты