Алматыда оқыту семинары өтті

В Алматы прошел обучающий семинар

2021 жылдың 15 қазанында Алматы қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін семинар өткізілді. Семинарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері қатысты.

Семинар барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сайлаудың процедуралық мәселелері талқыланды. Семинар қызықты, кәсіби атмосферада, сұрақ-жауап режимінде өтті. ҚР ОСК өкілдері берген Заңға енгізілген өзгерістердің түсіндірмелері мен түсініктемелері, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қала аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің күнделікті жұмысында пайдалы көмек болды.

Жарияланған күні

22 қазан 2021

Жаңарту күні

22 қазан 2021

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты