Алматы қаласының 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 563,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 119,7% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 355,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 132,7%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 101,5 млрд. теңгені құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 124,7%-ды құрады.

2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 572,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3%-ға өсті.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 1 297 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 115,6%-ды құрады.

Көтерме тауар айналымы 3 685,5 млрд. теңгені немесе                      2020 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 103%-ды құрады.

 

Тұтыну бағасының индексі 2021 жылдың мамыры 2020 жылдың желтоқсанына 103,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 104,9%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –103,2%, ақылы қызметтер бойынша –101,6% -ды құрады.

 

Жарияланған күні

16 маусым 2021

Жаңарту күні

16 маусым 2021

Жарияланымның авторы