«TORAŃǴY» коллекциялық монеталарының сатылымы басталғаны туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы 2021 жылдың 05 мамырында номиналдары 200 және 100 теңгелік  мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясына жататын, коллекциялық «TORAŃǴY» монетасын айналымға шығарады.

«TORAŃǴY» коллекциялық монеталарын сату Ұлттық Банктің  интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

 

«TORAŃǴY» коллекциялық монетасы туралы

«TORAŃǴY» (Туранга)  - түрлі жапырақты терек Қазақстанның қызыл кітабына енген. Әр түрлі халықтардың қасиетті деп саналатын өздерінің құрметті ағаштары бар. Олардың әрқайсысының өз аңызы бар. Жапондықтарда ол - сакура, Еуропалықтарда – емен, Үндістерде-Секвоя, Африкалықтарда-баобаб. Ежелгі көшпелілерде Тұранга ағашына табынатын және ол қасиетті саналатын.  

 

Ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалымен дайындалған.

Жарияланған күні

04 мамыр 2021

Жаңарту күні

04 мамыр 2021

Жарияланымның авторы