Алматы қаласы 2020 жылғы қаңтар – қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму  

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 826,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 719,2 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,9%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 291 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,8%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар – қазан айларында 1 609,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өсті.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 8,5%-ға төмендеді және 2 474 млрд. теңгені құрады.

 

Көтерме тауар айналымы 7 978,2 млрд. теңгені немесе                      2019 жылдың сәйкес кезеңіне 86,1% құрады.

 

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың қазанына 2019 жылдың желтоқсанына 105,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 108%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –105,1%, ақылы қызметтер бойынша –101,8% -ды құрады.

 

Жарияланған күні

09 қараша 2020

Жаңарту күні

11 қараша 2020

Жарияланымның авторы