Алматы қаласы 2020 жылғы қаңтар - сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 329,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 178,3 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91,4%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 52,1 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,1%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар - сәуір айларында 363 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға артық.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 17%-ға төмендеді және 873,5 млрд. теңгені құрады.

 

Көтерме тауар айналымы 2 753,3 млрд. теңгені құрады немесе  2019 жылдың сәйкес кезеңіне 88,8%.

 

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың сәуірінда 2019 жылдың желтоқсанына 103,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 106%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –101,9%, ақылы қызметтер бойынша –101,2% -ды құрады.

Жарияланған күні

04 мамыр 2020

Жаңарту күні

04 мамыр 2020

Жарияланымның авторы