Алматы қаласы 2020 жылғы қаңтар - мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 399,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 261,1 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 80,1 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар - мамыр айларында 505,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға төмен.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 22,3%-ға төмендеді және 1 048,3 млрд. теңгені құрады.

 

Көтерме тауар айналымы 3 448 млрд. теңгені құрады немесе                      2019 жылдың сәйкес кезеңіне 85,9%.

 

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың мамырында 2019 жылдың желтоқсанына 103,8%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 107,7%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –102,1%, ақылы қызметтер бойынша –100,4% -ды құрады.

 

 

Жарияланған күні

03 маусым 2020

Жаңарту күні

03 маусым 2020

Жарияланымның авторы