Алматы қаласы 2020 жылғы қаңтар - маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 471,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,7% құрады.

 

Негізгі капиталға салынатын инвестиция 352,5 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,6%-ды құрады. 

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 121,4 млрд. теңгені құрады немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар – маусым айларында 956,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға өсті.

 

Бөлшек тауар айналымының көлемі 18,8%-ға төмендеді және 1 358,1 млрд. теңгені құрады.

 

Көтерме тауар айналымы 4 338,8 млрд. теңгені құрады немесе                      2019 жылдың сәйкес кезеңіне 86,9%.

 

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылдың маусымында 2019 жылдың желтоқсанына 104,3%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 108,3%, азық-түлік емес тауарлары бойынша –102,7%, ақылы қызметтер бойынша –100,6% -ды құрады.

Жарияланған күні

06 шілде 2020

Жаңарту күні

07 шілде 2020

Жарияланымның авторы