Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының «Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекіту туралы» 2026 жылғы 13 қазандағы № 72/2 ҚАУЛЫСЫ
Жарияланған күні: 13 қазан 2026
Жаңарту күні: 14 қазан 2026
Көру саны:31
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 3), 5) және 12) тармақтаршаларына сәйкес Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі ас үзілісі сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін белгіленсін.
- Осы қаулы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттықаумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының назарына жеткізілсін.
- Осы қаулы Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Калыкова
Алматы қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы А. Тегисов
Жарияланған күні
13 қазан 2026
Жаңарту күні
14 қазан 2026
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты