Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалының 2020 жылғы 1 - 16 қазан аралығындағы бағалар мониторингі

Алматы қ. бағалар ахуалын болжау үшін ҚР ҰБ Алматы қалалық филиалы кейбір азық-түлік және азық түлік емес тауарлардың сауда орталықтары мен нарықтарда жүйелі ай сайынғы бағалар мониторингін жүргізеді.

Бағалар мониторингінің нәтижелері бойынша 2020 жылғы 1 - 16 қазан аралығында Алматы қ. мынадай ахуал орын алды.

 

Тауарлар (қызмет көрсетулер) тобы

Есеп айында бағалар өзгерісі*

Себептер

1

Азық-түлік тауарлар

+

Қияр, қызанақ, тауық еті, өсімдік май, түйінді пияз, қой еті, қырық қабат, сиыр еті, жылқы еті, сары май, картоп және қанттың бағалары жоғарлап кеткен.

2

Азық-түлік емес тауарлар

+

Дәрі-дәрмек, кір тазалағыш тауарлары және тұрмыстык техникасының бағалары өсіп кеткен.

3

ЖЖО

=

ЖЖМ бағалары өзгермеген.

4

Монополис-кәсіпорындарының көрсетілетін қызметтері

=

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету бағаларының жалпы индексі өзгермеген.

* «+» - бағаның көтерілуі, «-» - бағаның төмендеуі, «=» - бейтарап әсер.

 

2020 жылғы қазан айында қалада мониторинг тізбесіне қосылған тізбесіне қосылған азық-түлік тауарлардың жалпы санға кірген бағалардың 60,0% жоғарлауы және 30,0% төмендеуі байқалды. 10,0% тауарлардың бағалары өзгерген жоқ.

Бағалары өскен заттар: қияр – 45,7 %-ға, қызанақ – 43,1%, тауық еті – 8,6%-ға, өсімдік май – 7,9%–ға, түйінді пияз – 3,7%-ға, қой еті – 1,7%-ға, қырық қабат – 1,5%-ға, сиыр еті – 1,1%-ға, жылқы еті – 0,9%-ға, сары май – 0,7%-ға, картоп – 0,6%-ға, қант – 0,2%-ға. Мына заттардың құны төмендеп кеткен: сүт – 8,4%-ға, жоғарғы сұрып ұн – 7,6%-ға, алма – 6,5%-ға, жұмыртқа - 1,9%-ға, сәбіз – 0,9%-ға, күріш – 0,1%-ға. Нан және қызылшаның бағалары өзгермеген.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша дәрі-дәрмек – 13,7%-ға, кіртазалағыш тауарлар – 4,1%-ға және тұрмыстық техника – 1,3%-ға өсіп кеткен. Жеке тазалық тауарларының бағалары – 1,3%- ға төмендеген. Қалған тауарлардың бағалары өзгерген жоқ.

Жанар-жағармай материалдарының бағалары өзгерусіз қалды.

Ақылы қызмет көрсету секторында тұрғын үй-коммуналды қызмет көрсету тарифтері өзгерген жоқ.

 

 

Жарияланған күні

19 қазан 2020

Жаңарту күні

19 қазан 2020

Жарияланымның авторы