ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді. Референдумда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Алматы қаласының әкімдігі дауыс беру учаскеңіз туралы мәліметті нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік ұсынады:

  1. Веб-сервис: https://electorat.almaty.kz/
  2. Telegram чат-боты: https://t.me/almaty_referendum2026_bot
  3. Бірыңғай байланыс орталығы: 1308 телефон номері арқылы.
  4. Референдумның учаскелік комиссияларының шекаралары мен орталықтары көрсетілген Алматы қаласының интерактивті картасы: https://mapalmaty.kz/referendum
  5. ЖСН бойынша дауыс беру учаскесін іздеу:

    https://www.gov.kz/referendum?lang=kk

    https://referendum2026.gov.kz/kk

    https://referendum.gov.kz/kk

     

Маңызды! Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматты нақты референдум учаскесіндегі тізімге енгізудің негізі – оның көрсетілген учаске аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі. Тіркелу, мекенжай деректерін түзету және тексеру үшін «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» порталы egov.kz арқылы «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысып, конституциялық құқығыңызды жүзеге асырыңыз.

                                               

Жарияланған күні

24 ақпан 2026

Жаңарту күні

09 наурыз 2026

Жарияланымның авторы