Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының 2025 жылда атқарылған жұмыс туралы есебі

 

2025 жыл қорытындысы бойынша басқарма тарапынан барлығы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

  1. Бастапқы материалдарды ұсыну (АПЖ) – 17 162;
  2. Эскиздік жобаны келісу – 7 825;
  3. Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру – 135;
  4. Үлестік қатысу шартының есептік жазбасы туралы үзінді беру – 17 296;
  5. Мекенжай айқындау жөнінде анықтама беру – 45 995;
  6. Діни мақсаттағы ғимараттар салу туралы шешім беру – 0;
  7. Ғимараттарды діни нысанға бейіндеу туралы шешім беру – —;
  8. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 2 570;
  9. Республикалық маңызы бар қала шегінде жер учаскесіне құқықтарды беру – 1 991;
  10. Жер учаскелерін немесе оларды жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу – 179.

 

Бюджетті игеру

2025 жылға төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 2 588,4 млн теңге, оның ішінде бағдарламалар бойынша:

001 «Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі қызметтер» – 740,0 млн теңге;

002 «Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» – 1 841,2 млн теңге;

005 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» – 7,2 млн теңге.

Қаражатты игеру көлемі 2 587,9 млн теңгені немесе 99,9% құрады.

Ауытқу – 0,5 млн теңге үнем.

Кадрлық қамтамасыз ету

2025 жылы алғаш қабылданған және тағайындалған қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары – 11 қызметкер, барлығы 11 қызметкер өтті.

Тағылымдамадан өту жоспары – 3 қызметкер, барлығы 3 қызметкер өтті.

Жыл басынан бергі таза кадрлық ауысым – 3.

Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

 

2025 жылы басқарманың жалпы құжат айналымы 73 239 құжатты құрады. Оның ішінде:

  • қызметтік хат-хабар – 20 672;
  • заңды және жеке тұлғалардың өтініштері – 37 972;
  • шығыс хат-хабар – 12 495;
  • бастамашылық хат алмасу – 2 100 хат.

Заңгерлер қарастырған:

  • хаттар – 1 416;
  • талап-арыздар – 31;
  • апелляциялар – 30;
  • жарияланған мемлекеттік сатып алулар – 28.

2025 жылы басқарма басшысы мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдау барысында 185 азаматты қабылдады.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және жарнама бөлімі

2025 жылы қаралған материалдар:

  • топографиялық түсірілімдер – 4 382;
  • инженерлік желілердің атқарушылық түсірілімдері – 1 332.

2025 жылы техникалық шарттар беру бойынша 11 859 өтінім қаралды, оның ішінде:

  • сумен жабдықтау және кәріз (МКК «АЛМАТЫ СУ») – 4 602;
  • газдандыру (АҚ «QAZAQGAZ AIMAQ») – 1 976;
  • жылумен жабдықтау (ЖШС «Алматинские тепловые сети») – 869;
  • электрмен жабдықтау (АҚ «Алатау Жарық Компаниясы») – 4 285;
  • телефонизация (Қалалық телекоммуникация орталығы «Алматытелеком») – 127.

 

2025 жылы басқарма сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері бойынша деректер базасын мониторингтеу, жинақтау, жүйелеу, жаңарту және түгендеу жұмыстарын жүргізді:

  • жаңа хабарламалар бойынша сыртқы жарнама объектілерін есепке алу және тіркеу – 9 423;
  • сыртқы жарнамаға берілген рұқсаттарды тоқтату фактілерін есепке алу және тіркеу – 152;
  • салық есептілігін объектілер бойынша есепке алу және тіркеу – 12 924;
  • заңсыз жарнама объектілерін түгендеу – 50 185;
  • бұзушылықтарды жою жөнінде берілген ұсынымдар – 6 100.

 

Жеке және заңды тұлғалардың қаралған өтініштерінің жалпы саны – 5 293.

Әкімшілік өндіріс бойынша қозғалған істер – 1.

Қосымша: 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында Алматы қаласы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төленетін салықтарды есепке жатқызу мақсатында Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған мәліметтердің жалпы сомасы 7 451 710 140 теңгені құрады.

2025 жылғы тұрғын үйді пайдалануға беру

Пайдалануға қабылдау актілерінің есебі – 17 907.

2025 жылға 2 605 мың м² немесе 26 942 пәтер мен жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды, оның ішінде:

  • коммерциялық құрылыс (көппәтерлі тұрғын кешендер) – 2 245 мың м² немесе 25 353 пәтер;
  • жеке тұрғын үйлер – 341 мың м² немесе 1 352 үй;
  • мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен (Алматы қаласы Құрылыс басқармасы) – 18,7 мың м² немесе 237 пәтер.

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында 2 607,8 мың м² немесе 27 577 пәтер мен жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • коммерциялық құрылыс – 2 277,2 мың м² немесе 26 036 пәтер;
  • жеке тұрғын үйлер – 311,9 мың м² немесе 1 304 үй;
  • мемлекеттік бюджет есебінен – 18,7 мың м² немесе 237 пәтер.

Басқарма тұрақты түрде жүзеге асыратын жұмыстар:

  • қала аумағындағы объектілерді жобалау және құрылыс жобаларын келісу мәселелері бойынша азаматтарға консультациялар беру;
  • жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жер учаскелерін беру, жер үлесін рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялар;
  • аумақтарды жоспарлы игеру немесе өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және талдау, қорытынды немесе жинақтаушы жауаптар дайындау.
Жарияланған күні

03 ақпан 2026

Жаңарту күні

03 ақпан 2026