Алматыдағы заңсыз ғимараттар: қандай нысандар толығымен, ал қайсысы ішінара бұзылады
Көру саны:576
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматы тауларында заңсыз құрылысты бақылауды күшейту шеңберінде қала құрылысын бақылау басқармасы Заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұза отырып салынып жатқан 52 нысанды анықтады.
Оның 11-і бойынша объектіні толық бұзу туралы сот шешімі бар, оның ішінде:
1.«Швейцария» ТК блокталған тұрғын үйлерінің құрылысы
Бостандық ауданы, Нұрлытау шағынауданы, 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22 учаскелері.
2 «Мечта» таунхаусы
Медеу ауданы, Обсерватория көшесі, 104/4
3.Тұрғын үй
Медеу ауданы, Нұрмағамбетов көшесі, 374/1
- «Граф» ТК
Бостандық ауданы, Ремизовка шағынауданы, 7-көше,71,73, 75-оқу
- Люксембург ТК
Наурызбай ауданы, Қарғалы шағынауданы, Қали Надыров көшесі, 71,73,75 уч.
- «Французский дом» ТК
Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағынауданы, Чапаев ШҚҚ, 426 учаскесі
- «KHAN» клуб үйі
Бостандық ауданы, Витебская көшесі 44/3, 44а
- Тұрғын үй
Бостандық ауданы, Ерменсай шағынауданы, Жәңгір хан көшесі, 46
- Клуб үйі
Медеу ауданы, Горный Гигант ТК, 554
- Тіреулік қабырға, 3 қабатты үй
Медеу ауданы, 2-Ладушкин көшесі (Құрмет), 35А
- Тұрғын үй
Бостандық ауданы, Нұрлытау шағынауданы, 932/79 учаске.
Ішінара бұзу туралы сот шешімі (3 қабат) бір объект бойынша қабылданды:
«Pain Hill» клуб үйі
Бостандық ауданы, Ерменсай шағын ауданы, 7-көше, 8/1-учаске
Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімі келесі объектілер бойынша қабылданды:
- «Domino Life» клуб үйі
Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 308
- «Pine Hill Residence» клуб үйі
Медеу ауданы, 2-көше, 33-учаске.
- Тау бөктерін кесу
Медеу ауданы, Бутаковка шағынауданы, 31 / 1 учаске
- Тірек қабырғасының құрылысы
Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 203, 205, 207
- ЖТК
Наурызбай ауданы, Кенесары хан көшесі, 98-учаске
- «Rich» клуб үйі
Бостандық ауданы, Мирас шағынауданы, 24/1, 24/2 учаскелер.
- Бақша үйлері
Бостандық ауданы, Жанару ТК, 556
- Клуб үйі
Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 87/2, 87/4, 87/5
Жоғарыда көрсетілген объектілер бойынша нұсқама орындалмаған жағдайда сот органдарына бұзуға талап арыздар берілетін болады.
23 объект бойынша сот талқылауы бүгінгі күнге дейін жалғасуда, қалған 9 анықталған объект бойынша жұмыстар жүргізілуде - талап арыздар бастамаланады.
14 қараша 2023
14 қараша 2023