Сайлау

Сайлау

Президент сайлауы кезеңінде сайлау учаскелерінің мекенжайлары мен нөмірлерін тексеру үшін Call-орталығы

 
 

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды, ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.

Барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталықтың жұмыс уақыты – демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауыныңсайтындажәне білім басқармасының мемлекеттік қызметтерпорталындасайлаушылар тізімінде өзін тексеруге мүмкіндік беретін сервис енді қолжетімді.

Осыған ұқсас қызмет Telegram Bot (@almaty_sailau2022_bot) арқылы да іске қосылды.

Жарияланған күні

26 қазан 2022

Жаңарту күні

22 қаңтар 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты