Жиі қойылатын сұрақтар
Лицензия "Туристік қызмет туралы" Заңға, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға және №156 бұйрықпен бекітілген ережелерге сәйкес беріледі. Өтініш Туризм индустриясы комитетіне немесе жергілікті атқарушы органға (егер өкілеттіктер берілсе) беріледі. Талаптар, өтініш нысандары және құжаттар тізбесі №156 бұйрықтың №4 қосымшасында белгіленген.
Туристік экскурсиялар өткізу заңнамада белгіленген ережелерді сақтауды, білікті гидтің болуын және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді.
Туристік тау маршруттарындағы проблемалар туралы хабарламаларды қаланың Туризм басқармасына, Іле-Алатау Ұлттық табиғи паркіне, Медеу өңірлік паркіне немесе "Open Almaty"мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады.
Идеяны немесе Жобаны Туризм басқармасына ресми хатпен немесе u.tourism@almaty.gov электрондық пошта арқылы жіберуге болады, сипаттамасы мен негіздемесін қоса беріледі.
Туристік объектілерді (қонақ үйлер, ақпараттық орталықтар) орналастыру қала құрылысы нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және Алматы қаласы әкімдігімен келісуді талап етеді