Бостандық ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
Бостандық ауданы әкімінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі өкімінің негізінде 2025 жыл және 2026 жылдың 3-тоқсаны үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысының болуы, құжаттамалық қамтамасыз ету, өтініштерді қарау, жеке қабылдауларды ұйымдастыру және тапсырмалардың орындалуын бақылау мәселелері зерделенді.
Анықтамаға сәйкес, 2026 жылдың 3-тоқсанына аппараттың штаттық саны 55 бірлікті құрайды, нақтысы — 51, 4 лауазым бос. Талданып отырған кезеңде конкурс нәтижелері бойынша 28 қызметкер қабылданды, меритократия қағидаттары бойынша 3 қызметкер тағайындалды. 2025 жылы 22 қызметкер оқудан өтті, 2026 жылы талдау жүргізілген сәтте — 6 қызметкер. Мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сәйкес келеді, ықтимал мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және кадрлардың тұрақсыздығын төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
2026 жылдың 3 тоқсанында коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, абаттандыру, көгалдандыру, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік мәселелері және т.б. бойынша 15 225 өтініш түсті. Белгіленген есептіліктің ұсынылуы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өтініштерді қарау кезінде бұзушылықтар анықталды, олар бойынша жауапты орындаушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Көрсетілген тоқсанда 6 жеке қабылдау өткізіліп, 38 азамат қабылданды. «Ай-протокол» ақпараттық жүйесі арқылы Алматы қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмаларына күнделікті негізде бақылау жүзеге асырылды. Белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы тиісті ақпараттар енгізілді. Анықтамаға сәйкес, аппаратта рұқсат беру және бақылау-қадағалау функциялары жоқ.
Талдау қорытындысы бойынша қызметтік әдепті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу, дұрыс емес декларацияларды ұсыну, заңсыз сыйақы, сыйлықтар мен қызметтер алу, оның ішінде жеке қабылдаулар кезінде алу тәуекелдері белгіленді. Сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдері мен тәртібін бұзу, негізсіз жауаптар беру, тыңдаулар өткізбеу және жеке қабылдау қорытындылары бойынша тапсырмаларды орындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану тәуекелдері атап өтілді.
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі тұрақты негізде қызметтік әдепті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және әкімшілік рәсімдерді сақтауды бақылайды, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
18
11 қараша 2026 17:44
11 қараша 2026