Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже
Қосымша 2
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының
2025 жылғы
«______» ______________
№______ бұйрығына
Қосымша 3
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының
2025 жылғы «18» маусымдағы
№ 5/б-к бұйрығына
Алматы қаласы әкімі аппаратының
ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі туралы
ереже
- Жалпы ережелер
- Алматы қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
- Бөлімнің міндеттері
4.Міндеті: Алматы қаласы әкімінің және аппарат басшысының Алматы қаласының аумағындағы өкілді және атқарушы органдармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын, қызметін жүзеге асыру.
- Функциялары:
1) Алматы қаласына сапар, жұмыс сапары барысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппараты тапсырмаларының орындалуын уақтылы мониторингілеуді, бақылауды, талдауды қамтамасыз ету;
2) Алматы қаласы әкімі мен аппарат басшысының жергілікті уәкілетті, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
3) Алматы қаласы әкімінің отырыстары мен халыққа есеп беру кездесулерін, Алматы қаласы әкімі мен аппарат басшысының қатысуымен өтетін конференциялар мен өзге де іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
4) аудан әкімдері аппараттарының қызметін, атап айтқанда олардың қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен енгізу бойынша қызметін үйлестіруді және талдауды қамтамасыз ету (жұмыс сапасына қанағаттану деңгейі);
5) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын, сценарийлік жоспарларды, схемаларды әзірлеу, үкіметтік делегациялардың (Президенттің, Премьер-Министрдің және өзге де лауазымды адамдардың) Алматы қаласында жұмыс сапарын ұйымдастыру жөнінде кеңестер өткізуді ұйымдастыру;
6) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Үкімет Аппаратының, шетелдік делегациялардың қатысуымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
7) Алматы қаласы әкімінің және әкімі аппараты басшысының жұмыс сапарларын дайындауды қамтамасыз ету;
8) Алматы қаласы әкімдігі мәжіліс залдарының пайдаланылуын үйлестіру;
9) Алматы қаласы әкімінің қатысуымен үкіметтің өзге де отырыстарын ұйымдастыру;
10) Бөлімнің құзыреті шеңберінде өтініш берушілерге жауаптар жібере отырып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен петицияларды қарау;
11) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету;
12) жұмыс және мереке күндері әкім аппаратында кезекшілікті ұйымдастыру;
13) Алматы қаласы әкімінің жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық департаменттердің және басқармалар мен өзге де ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша олармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
14) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторымен, Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторымен және Алматы қаласының мәслихатымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
15) мереке күндері бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікті ұйымдастырудың қамтамасыз етілуін бақылау;
16) Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының өзге де тапсырмаларын орындау;
17) әкім аппаратының барлық салалық бөлімдерінің жұмыс жүргізуіне жәрдемдесу.
5.Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және мекемелермен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
2) белгіленген тәртіпте Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарынан және басқа да ұйымдарынан қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) өз қызметі шеңберінде Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының қарауына ұсыныстар енгізу;
4) Алматы қаласының әкімі және оның орынбасарлары, аппарат басшысы өткізетін кеңестерге, Алматы қаласының әкіміне тікелей бағынатын Алматы қаласы әкімдігінің отырыстарына қатысу;
5) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен және Алматы қаласы әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара іс-қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген өзге де міндеттемелерді сақтау.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтар мен міндеттерге ие.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы әкім аппаратының басшысына Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
49