ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында алғашқы рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу жөніндегі конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі - Сіздің сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз.

Алматы қаласының әкімдігі дауыс беру учаскеңіз туралы мәліметті нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік ұсынады:

  1. Веб-сервис: https://electorat.almaty.kz/
  2. Telegram чат-боты: https://telegram.me/almaty_quryltai2026_bot
  3. Бірыңғай байланыс орталығы: 109 телефон номері арқылы.
  4. Учаскелік сайлау комиссияларының шекаралары мен орталықтары көрсетілген Алматы қаласының интерактивті картасы: https://mapalmaty.kz/elections2026

Маңызды! Белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі азаматтың сол учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі. Тіркелу, мекенжай мәліметтерін түзету және тексеру үшін «Қазақстан Республикасының электронды үкіметі» порталыны egov.kz арқылы «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

Конституциялық құқығыңызды іске асырып, еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болатын тарихи оқиғаның қатысушысы болыңыз.