ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Алматы қаласы әкімдігі тұрғындарға өз сайлау учаскесі мен кандидаттар туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік жасады::

  1. Веб-сервис: https://mapalmaty.kz/spisok?lang=KZ
  2. Telegramдағы чат-бот: https://t.me/almaty_sailau2023_bot
  3. Бірыңғай байланыс орталығы 1315 телефоны бойынша.

 

Маңызды! Азаматтың нақты бір дауыс беру учаскесінде сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміне қосылуы үшін тұрған жері бойынша осы сайлау учаскесінің аумағында тіркелгендігі негізге алынады. Мекенжай мәліметтерін тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz «электронды үкімет» порталының «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімі бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. 

2023 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыса отырып, конституциялық құқығыңызды жүзеге асырыңыз.