Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2024 жылдың
6 ақпанда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы,4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды. - Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:
|
№ |
маршрут нөмірі |
маршрут атауы |
талап етілетін жылжымалы құрам |
|
|
шығу саны |
автобустың түрі |
|||
|
1 |
№210 |
Спорт сарайы – Ой-қарағай тау курорты |
5 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
2 |
№211 |
Спорт сарайы – Алма-Арасан шипажайы |
2 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
3 |
№209 |
Спорт сарайы – Пионер тау курорты |
5 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
4 |
№233 |
«Саяхат» көлік вокзалы – Іле ауданының «Қарой» кенті |
8 |
орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
5 |
№236 |
«Төле би - Яссауи» айналмалы алаңы – Жамбыл ауданының «Карғалы» кенті |
12 |
кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
6 |
№240 |
«Адем» сауда үйі – Іле ауданының «Батыр» кенті |
10 |
орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
|
7 |
№247 |
«Төле би - Яссауи» айналмалы алаңы – Жамбыл ауданының «Мыңбаев» кенті |
4 |
орташа сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес |
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi
Алматы қаласы, Республика алаңы,4 мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс. - Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылдың 22 қантарда сағат 18.00 дейін.
- 2024 жылдың 10 қаңтарда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефон: 225-12-80.
77