Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
-
- «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ 2022 жылдың 30 маусымда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:
Лот №
Маршрут нөмірі
Маршрут атауы
Талап етілетін жылжымалы құрам
Шығу саны
Автобустың түрі
1
№112
Мақатаев көшесі – «Алтын Орда» базары
18
үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес
№126
Мәдениет және демалыс саябағы – «Каменка» шағын ауданы
18
2
№29
Остроумов 2-і көшесі –"Бутаковка" кенті
22
үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес
№29р
Қалдаяков көшесі – экологиялық пост
2
№16
Асыл Арман шағын ауданы - Мәдениет және демалыс саябағы
24
3
№33
Саялы-2 шағын ауданы – Әлмерек шағын ауданы
18
үлкен сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес
4
№104а
Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы –«Қарғалы» шағын ауданы
4
кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес
5
№116
«Нұрлытау» шағын ауданы –Розыбакиев көшесі – Райымбек даңғылы
5
кіші сыйымдылықтағы автобустар, екі есіктен кем емес
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Метрополитен ғимараты Панфилов көшесі, 84, 306 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылғы 15 маусым сағат 18.00 дейін.
- 2022 жылғы 3 маусымда конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефон: 271-82-66.
102