Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» қалалық жобасы аясында ұсыныстар қабылдау басталды

 Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» қалалық жобасы аясында ұсыныстар қабылдау басталды. Алматылықтар 20 шілдеге дейін budget.open-almaty.kz порталы арқылы өтініштер бере алады.

Бұл жобаның мақсаты – қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде Алматы аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру.

«Халық қатысатын бюджет» бойынша кеңестерді немесе ақпаратты Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінен 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.

Жарияланған күні

08 маусым 2022

Жаңарту күні

08 маусым 2022