Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізілді

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшылығы Наурызбай ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуіне қатысып, қаланың осы аумағын сумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларды түсіндірді.
Сонымен, Басқарманың тапсырысы бойынша қазіргі уақытта Наурызбай ауданында қуаттылығы тәулігіне 15 мың м3 «Қарғалы» сүзгі станциясы мен су жинау құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде, бұл Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс шағын аудандарының шамамен 50 мыңға жуық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өткен жылдың тамыз айында жалпы қуаттылығы тәулігіне 22 мың м3 Ақсай өзенінде су жинау құрылысын және сүзгі станциясын салу жұмыстары басталды. Бұл жобаны іске асыру Ақжар, Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Шұғыла шағын аудандарының, сондай-ақ Алматы облысы Жаңа Тұрмыс және Қырғауылды кентінің 100 мыңға жуық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.