Алматы қаласының әкімдігі жол төсемінің істен шығуына байланысты мердігер ұйымға шағым түсірді

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Толмачев көшесінде жол төсемі істен шыққан. Мамандар ол жерге барып, арнайы тексерген кезде оқиғаның жауын -шашынның салдарынан жиналған судың топырақты шайып кетуінен әрі қардың еруінен болғандығын анықтаған. Алайда, құбырдан зақым табылмаған, ал су беру штаттық режимде жүзеге асырылуда.
Еске салсақ, осы учаскеде 2021 жылы "Алвис" ЖШС компаниясы су құбыры және кәріз желілерін салу жұмыстарын аяқтаған болатын. Кепілдік міндеттемелері аясында компания ақауларды, өзге де кемшіліктерді жоюлары тиіс болатын.
Басқарманың ақпараты бойынша, жағымсыз оқиғадан кейін бір күн ішінде "Алвис" ЖШС компаниясы орын алған олқылықтарды қалпына келтірді. Ағымдағы жылдың сәуір айында ауа-райы қолайлы болған кезде асфальтты төсемді толығымен қалпына келтіру жоспарлануда.