Басқарма басшысы Наурызбай ауданы бойынша көшпелі кеңес өткізді

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы қалалық мәслихат депутаты Есенгелді Талбидиновпен, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының және "Алматы Су" МКК өкілдерімен бірлесіп Абай саяжайларының тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді. Басқарма басшысы Санжар Алин "Алматы Су" МКК Абай саяжайларында орналасқан Абай көшесіндегі үйлерді орталық сумен жабдықтау желілеріне қосу мүмкіндігіне талдау жасауды тапсырды.
🔸
Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында Шұғыла шағын ауданға да жұмыс сапары жүргізілді. Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жартылай аяқталуға жақын. Кеңесте су құбыры және кәріз желілерін салғаннан кейін жол төсемін қалпына келтіру мәселесі көтерілді. "Толағай" ЖШС мердігерлік ұйымына құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдету және асфальт жабынын төсеуге дайындық үшін жол төсемін тығыздау тапсырылды.