“Қарғалы” сүзгі станциясының салу мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді

“Қарғалы” сүзгі станциясының салу мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының (бұдан әрі — Басқарма) тапсырысы бойынша Наурызбай ауданында қала үшін бірегей нысан — "Қарғалы" су жинау құрылысы мен су дайындау станциясының құрылысы жалғасуда. Салынатын құрылыстың қуаттылығы тәулігіне 15 мың текше метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Наурызбай ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Басқарма "Алматы Су" МКК, мердігерлік ұйым және техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен құрылыс жұмыстарының барысын тексеру, проблемалық мәселелерді талқылау және шешімдерді іздеу үшін көшпелі кеңес өткізді.