Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейдіы

Алматы қаласының тіршілікті қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штабының жедел деректері бойынша сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшін жауапты қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді.
Жаппай тәртіпсіздік кезеңінде барлық қызметтер де үздіксіз жұмыс істеді.
Сұрақтар туындаған жағдайда сүретте көрсетілген қызметтердің телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.