Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек?

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

Сіздерге «Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) қызметі туралы қысқаша хабардар еткім келеді.

Басқарма Алматы қаласы бойынша энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі - мемлекеттік мекеме болып табылады.

Басқарма Алматы аудандарын жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау жүйелерімен, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды барлық дайындық және туындайтын рәсімдермен жүзеге асырады.

Сондай-ақ, басқарманың мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар, оның ішінде Алматы халқына коммуналдық қызметтерді үздіксіз және сапалы көрсетуге функционалы бойынша жауап беретін, тыныс-тіршілікті жақсартуға ықпал ететін ұйымдар:

  • «Алматы жылу жүйесі» ЖШС (http://www.alts.kz/) жылумен жабдықтау коммуналдық қызметтер көрсетуді жүзеге асырады (ыстық су және жылыту).

Аталған қызметтердің сапасы бойынша: http://www.alts.kz/index.php/54-raznoe/340-novye-kontakty ;

- «Алматыжылужайэнерго» ЖШС (http://www.atke.kz/), дербес қазандықтармен жылу энергиясын өндіруді жүзеге асырады.

«АЖЖЭ» ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар болған жағдайда: http://www.atke.kz/kontakty ;

- «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК (https://akj.kz/) Алматы аумағындағы көшені жарықтандыру объектілерімен байланысты қызметті жүзеге асырады.

Алматыда көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша: https://akj.kz/contacts

- «Алматы Су» ШЖҚ МКК (https://almatysu.kz/?lang=ru), сумен жабдықтау және су бұрудың коммуналдық қызметтерін көрсетуді жүзеге асырады.

Көрсетліген коммуналдық қызметтердің сапасы және/немесе қызметтерге қосылу мәселелері бойынша: https://almatysu.kz/?page_id=218&lang=ru .

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің бағасы белгіленген болып табылатынын, қызметтерді реттеу мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес Монополияға қарсы органдардың құзыретіне жататынын атап өту қажет.

 

Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған кезде не істеу керек.

Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) келесі тәсілдердің бірімен хабарласу қажет:

  1. Пошта мекен-жайы бойынша жазбаша: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 үй, немесе Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласыбойынша аумақтық департаментіне, мекенжайы: 050002, Алматы, Жібек Жолы даңғылы, 15, тел: 8 (727) 278-73-24 (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption?lang=ru) ;
  2. kz электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаның – ЭЦҚ болуы талап етіледі);
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша.
Жарияланған күні

07 желтоқсан 2020

Жаңарту күні

07 желтоқсан 2020