Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшы орынбасары, C-O-2 (1 бірлік), индекс Р-2
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Алматы қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Департаменттің жетекшілік ететін бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын іске асыру, жоғары тұрған басшылықтың өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек мәселелері жөніндегі министрліктің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің деректерімен уақтылы және сапалы толтырылуын қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға жол бермеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.kadrykomitet@enbek.gov.kz
- 31.10.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-33-55