Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының Әкімшілік бөлімінің бас маманы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
100000 - 300000
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
Функционалды міндеттер
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген міндеттер; ҚР заңнамасына сәйкес басқарманың негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды ресімдеуді және тіркеуді жүзеге асырады; "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағын әзірлейді. Бөлім мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын және бөлімнің басқа да құжаттамаларын белгіленген тәртіппен әзірлейді; міндетті арнайы тексеруден өту үшін алғаш қабылданған және жаңадан қабылданған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге құжаттарды ҰҚКД-ға жібереді; мемлекеттік қызметшілерге сәйкестендіру карталарын беруді жүзеге асырады; Басқарма басшысының бұйрықтарын, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерін өңдеуді және тігуді жүзеге асырады; Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, сондайақ басқа да наградалармен марапаттауға өтініштер мен ұсынымдар дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады; жоғары тұрған ұйымдарға бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептердің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады; бөлімнің құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғалардың кіріс хат-хабарларын, жазбаша және ауызша өтініштерін қарауды жүзеге асырады; бұлтты құжат айналымы жүйесінде құжаттардың кіріс және шығыс хат хабарларын тіркеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; "еӨтініш" платформасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және олардың уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады; жоғары тұрған органдардан, мекемелерден келіп түскен хаттарды, сондай-ақ "Электрондық Үкімет" порталынан және "OpenAlmaty" қоғамдық қабылдау бөлмесінен келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарауды және уақтылы жабуды қамтамасыз етеді; азаматтардың өтініштерін орындау бойынша мониторинг жүргізеді; 1-ОЛ нысаны бойынша статистикалық есептілікті дайындайды; Басқарма басшысының және басшысының орынбасарының қабылдауына азаматтардың жазылуын қамтамасыз етеді; "Iprotocol" базасында бөлімдердің хаттамалық тапсырмаларды орындауына мониторинг жүргізеді, мониторинг нәтижелері бойынша талдамалық жазбалар дайындайды; Басқарма істерінің номенклатурасын жасайды, істерді жедел сақтауды және оларды белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағатқа бергенге дейін пайдалануды қамтамасыз етеді; бланкілерді тіркеу, беру және жарамсыз бланкілерді жою есебін жүргізеді; мемлекеттік тілдің қолданылуы және құжаттардың мемлекеттік тілде орындалуы жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; пошта арқылы хаттарды жіберуді жүзеге асырады; Басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерін жүргізу, толтыру, жаңарту және модельдеу бойынша жұмысты жүзеге асырады; Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "B" функционалдық блогына (грейд 4) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30