Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының Қауіпсіз еңбекті бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Авиациялық техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Мемлекеттік аудит
- Метрология
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге. Еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті. Мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау және адам саудасы, мәжбүрлі еңбек фактілері болған жағдайда оны құқық қорғау органдарына хабарлауға.. ЕСП базасына тексеру туралы және тексерудің нәтижелері туралы мәліметтерді (соның ішінде бақылаудан шығаруды) дұрыс енгізу. «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» ААЖ базасына жүргізілген тексерулердің (соның ішінде салынған және төленген айыппұлдар бойынша) және жасалған ұжымдық шарттардың нәтижесі бойынша нақты мәліметтерді енгізуге. Web-АП базасына әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы толтырылған хаттамалар мен қаулылар туралы мәліметтерді белгіленген мерзімдерде енгізу. Қызметтік қажеттілік бойынша шыққан кезде бас мемлекеттік еңбек инспекторына немесе Басқарма басшысының орынбасарына хабарлау, шығу журналына шығудың мақсаты, объектіге шығу уақыты, ұйымның мекенжайы және телефоны туралы ақпаратты жазу. Белгіленген мерзімде ай сайынғы есептердің уақытында, сапалы орындалуын қамтамасыз ету және нақты мәліметтер ұсыну. Басқарма басшысының, басшы орынбасарының және тікелей бөлім басшысының жазбаша және ауызша өкімдерін, олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, уақытында және сапалы орындау. Берілген актілерді орындау мерзімдерін бақылау. Сот процестеріне Басқарманың атынан сенімхатпен қатысу және белгіленген мерзімдерде сотқа бару. Белгіленген мерзімдерде прокуратураның және өзге де мемлекеттік органдардың талаптарын, ұсыныстарын орындау. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша ұжымдық жалақы мониторингін жүргізу. Еңбек саласындағы әлеуметтік шиеленістің мониторингін бақылау арқылы еңбек процесстерінің картасын жасау арқылы жүзеге асыру. Ұжымдық шарттарды талдауды, есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру. Белгіленген мерзімде ай сайынғы есептердің уақытында, сапалы орындалуын қамтамасыз ету және нақты мәліметтер ұсыну. Жұмыс туралы есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды, баяндамаларды дайындау және жинақтауды Басқармаға тапсыру. Мемлекеттік еңбек инспекциясының есепті кезеңдердегі жұмысының қорытындыларын дайындау және мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс көрсеткіштеріне талдау жасауды жүзеге асыру. Жергілікті және республикалық маңыздағы тапсырмалар мен іс-шаралар жоспары орындау. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау.
Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 5) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74а
-
8 (727) 390-35-76