Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы А. Б. Қалдыбаев жазатайым оқиға орнына баруды жүзеге асырды

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы А. Б. Қалдыбаев жазатайым оқиға орнына баруды жүзеге асырды

Өндірістегі жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы шеңберінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы А. Б. Қалдыбаев оқиға болған жерді қарап-тексеру және жазатайым оқиғаның куәгерлері мен жәбірленушіге сауалнама жүргізу үшін жазатайым оқиға орнына баруды жүзеге асырды.

Жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторларының төрағалығымен жүргізіледі. Арнайы тергеп-тексеруді жүргізудің мақсаты жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін, өндіріспен байланыстылығы бар-жоқтығын анықтау және қызметкердің одан әрі әлеуметтік қорғалуы мен еңбек құқықтары қорғау болып табылады.