Отырғызу мектебі
«Мектеп оқушыларының көшеттерді өсіру және егуі бойынша экологиялық акция» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі
«Jasılbaqılaw көшеттерді отырғызу мектебі»
Жобаның мақсаты:
Ағаштардың өсіп-өнуін, олардың қоршаған ортамен өзара байланысын оқып-білу процесінде балалардың зерттеу қабілеттерін қалыптастыру, балаларға қамқорлық жасау мен аялауды үйрету, сондай-ақ жасыл екпелердің маңыздылығын сіңіру. Ағаш отырғызу арқылы жас ұрпақты қоршаған ортаны жақсартуға қалай жеке үлес қоса алатындығын көрсету.
Жобаның міндеттері:
- Балалардың ағаштар бөлшектерінің (тамыр, дің, бұтақтар, жапырақтар) дамуы, құрылымы, қызметтері мен мақсаттары туралы білімін, ойларын нақтылау және кеңейту.
- Балалардың бойында танымдық қызығушылықты, тірі табиғат әлеміне деген қызығушылықты, зерттеуге және бақылаушы іс-әрекеттер арқылы байқауға, зерттеуге, жаңа білім, білік пен дағдыларды алуға деген ұмтылысын дамыту.
- Талшын және емен көшеттерін отырғызу, өсіру және күту бойынша еңбек дағдыларын дамытуға ықпал ету.
- Жақын маңдағы табиғи ортадағы ағаштарға деген ұқыптылық пен саналы қатынасты тәрбиелеу, ағаштарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
- Ата-аналарды көмекші және кеңесші ретінде зерттеуге және бақылауға тарту.
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0126 мамыр 2021Еменді күтіп өсіру
0126 мамыр 2021Еменді күтіп өсіру
0125 мамыр 2021Біз емен ағашын тұрақты жерге отырғызамыз